$ 494.87  520.65  4.91

«Бұршақ жауып, жел күшейеді» - Қазгидромет

“Ауқымды циклон республиканың көп бөлігінде тұрақсыз ауа райын тудырады, найзағай күтіледі.
фото: Stan.kz
фото: Stan.kz

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 1-3 маусымына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Қазгидрометтің хабарлауынша, ел аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі. 

“Ауқымды циклон республиканың көп бөлігінде тұрақсыз ауа райын тудырады, найзағай күтіледі.

2 маусымда күндіз батыста, 3 маусымда республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Тек республиканың солтүстік жартысында Солтүстік-Батыс антициклоны сілемінің әсерінен түнде 11...16, кей жерлерде 8, күндіз 21...26, кей жерлерде 18 градус жылы болады деп болжанады”, – дейді синоптиктер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары