$ 494.87  520.65  4.91

«Өз ісінің шебері еді»: Әріптестері Шарын шатқалындағы селден көз жұмған мұғалім туралы айтты

Алматы қалалық білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, сел кезінде көз жұмған мұғалім - 26 жастағы Мерей Ибрагимов.
Фото: @ibragimovmerey
Фото: @ibragimovmerey

Шарын шатқалында селден қаза тапқан мұғалім Алматыдағы №199 гимназияда жұмыс істеген. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде ол балаларға көмектескен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қалалық білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, сел кезінде көз жұмған мұғалім- 26 жастағы Мерей Ибрагимов. Ол көркем пәндерден сабақ берген. Жұмыс өтілі – 5 жыл. Оның 3 жылында Алматы қаласындағы №199 гимназияда жұмыс істеген. Әріптестерінің айтуынша, Мерей өте жауапты маман болған.

"Барлық оқушының сүйікті ұстазы, өз ісінің шебері еді. Ерекше шығармашылық адамы, көшбасшы, мақсаты айқын ұстаз болатын. Жан-жағындағыларға күлкі сыйлап жүретін", - дейді марқұмның әріптестері. 

Еске сала кетсек, 29 мамырда Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын. 

Кейін еліміздің Білім және ғылым министрлігі аталған оқиға салдарынан 1 оқушы мен 1 мұғалімнің қаза тапқанын мәлім етті.

"Өкінішке қарай, келіп түскен ақпаратқа сәйкес, экскурсияға барғандардың арасында Алматы қаласындағы №199 гимназияның 8 оқушысы болған. Оларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген. Қайғылы жағдай салдарынан 1 оқушы мен бейіндік пән мұғалімі қайтыс болды. Қаза болғандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз", - деген еді ведомство хабарламасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары