Павлодарда «бомба қойылған» деген хабарламадан соң мектептер мен колледжден адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кеше сағат 17: 08-де Павлодар полициясына өңірдің 10 мектебі мен бір колледжінде жарылғыш заттар салынғаны туралы хабарлама түсті.
«Ғимараттардан адамдарды эвакуациялау жүргізілді. Мектептердің іргелес аумағы қоршалып, оқиға орнында жедел тергеу топтары жұмыс істеуде, - деді полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.