«Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Үкіметтің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 520 қаулысына өзгерістер енгізуге арналған құжаттың жобасы жарияланып, 2019 жылы жүргізілген несиелік рақымшылықты ұзарту ұсынылды. Себебі әлеуметтік жағынан осал топтардың ішінде 300 мың теңгені кешіру шарасын пайдаланып үлгермеген азаматтар бар. Бұл туралы Аzattyq ruhy жазды.
«Қолданыстағы қаулыда көзделген мерзімдер аяқталғаннан кейін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде деректердің болмауына байланысты берешегі өтелмей қалған адамдар анықталды», - делінген құжат жобасында.
Құжат жобасында көрсетілгендей:
2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бір қарыз алушыға 300000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде негізгі борыш және сыйақы бойынша берешекті өтеу жүзеге асырылатын борышкерлерді және олардың қарыздарын және (немесе) микрокредиттерін айқындайды және мынадай басымдықтарды ескере отырып, ақы төлеуге арналған тізімді қалыптастырады:
Құжаттың жобасы 14 маусымға дейін талқылауға шығарылып отыр.