$ 448.15  483.46  4.86

Вакцина салдырғандарға ұшаққа отыруға болмайды: Желіде таралған видео ел тұрғындарын алаңдатты

АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы вакцинацияланған адамдарға әуе сапарларына ресми түрде рұқсат берді.
фото: Stan.kz
фото: Stan.kz

Әлеуметтік желілерде Covid-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдарға қан кету қаупіне байланысты ұшақтарда ұшуға болмайды деген ескерту пайда болды. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын Stopfake.kz порталы хабарлады.

АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы вакцинацияланған адамдарға әуе сапарларына ресми түрде рұқсат берді.

Алайда вакцинацияланған адамдарға кейбір сақтық шараларын сақтау қажет. Дәрігерлер вакцинаның екінші дозасынан кейін екі-үш аптадан соң ғана ұшақпен сапарды жоспарлау қажеттігін ұсынады.

Fly Arystan жолаушылары ұшақта екі сөмке алып жүрмек болған адамды жақтап шықты 

"Бұл уақытта ағзада антиденелер қалыптасып үлгереді. Сондай-ақ, мамандар вакцинацияланған туристерді шамадан тыс немқұрайлылы болмауға шақырады. Вакцинаның салдырғанына қарамастан, саяхатшылар бетперде тағып, адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары