$ 494.87  520.65  4.91

«Өміріме қауіп төнді. Мақпалды қорғап қалу керек болды» - Қалдыбек Құрманәлі (ВИДЕО)

Композитор оппозицияшыл саясаткер Заманбек НҰРҚАДІЛОВТЫҢ өлімінен кейін өзінің қуғын-сүргінге түскенін айтты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ «New Alash» ютуб каналына сұхбат берді, деп хабарлайды Мalim.kz сайты.

Композитор оппозицияшыл саясаткер Заманбек НҰРҚАДІЛОВТЫҢ өлімінен кейін өзінің қуғын-сүргінге түскенін айтты. Тіпті өміріме қауіп төнді дейді.

«Заманбек Нұрқаділовтің өлімінен кейін Мақпалға шабуыл басталды. Ең бірінші Мақпалды, сосын Заманбекті қорғап қалу керек болды. Зәкеңнің қолынан талай шарапат көрген адамдарды баспасөз мәслихатына шақырдық. Ешқайсысы келмеді. Зәкең бір танымал адамға екі қабатты үй салып берген. Сол кісі «мен Заманбекпен жақын араласпадым» деді ғой. Жазушы Ғаббас Қабышұлы азаматтық танытты. Ол кісі қонақ боп келіп сөйлеуі тиіс еді. Мен ол кісінің аты-жөнін жазғызып төрге спикерлер орнына қойып қойдым. Ғаббас аға: Қалдыбек, біз былай келіспеген едік қой деді. Аға, сіздің фамиляңыз керек боп тұр дедім. Аға келісті», - деді композитор.

Естеріңізге сала кетейік, композитор айтып отырған баспасөз мәслихаты Алматы қаласында 2005 жылдың желтоқсан айында өткен. Сондай-ақ, оған композитор Владимир ПИТЕРЦЕВ және Мақпал ЖҮНІСОВАНЫҢ продюсері Закира МОЛДАБАЕВА қатысқан.

«Осы баспасөз мәслихатынан кейін қысымдар басталды. Туған ағамды өзіме қарсы қойды. Тіпті туған ағам «Менің Қалдыбек Құрманаливпен туысқандық қатысым жоқ» деп жазып беріпті. Өлсем өзім өлейін деп отбасымды ауылға жіберуге мәжбүр болдым. Шопырымның тамағына бір нәрсе салып жіберсе керек үйге іздеп келіп, маған пышақ сілтеді. Суық қару қолыма кіріп кетті. Біреудің қолынан өлгенше біреуді ұрып өлтірейін деп тепкілеп тастадым. Ақыры жоғарыда өнерімді бағалайтын адамдар араша түсіп, бәрі бір сәтте тоқтады», - деді Қалдыбек Құрманәлі.

Сондай-ақ, сұхбатта композитор мемлекеттік қызметтен неге кеткенін және елдегі саяси-әлеуметтік ахуалға байланысты ойларын ортаға салды. «Nur Otan» партиясының қатарына не үшін өткенін де айтты. Сұхбаттың толық нұсқасы видеода.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары