Қарағандыда полицейлер Орталық мәдениет және демалыс саябағында төбелескені үшін екі әйелге қатысты әкімшілік хаттама жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусымда Қарағанды қалалық полиция бөліміне Орталық мәдениет және демалыс саябағында төбелес болып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің жаяу тобы келді, олар қақтығысқа қатысушыларды анықтады. Олар 32 және 34 жастағы екі әйел болып шықты. Екі әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді.
"Әйелдер өзара төбелес болғанын түсіндірді, бірақ полиция қызметкерлері келгенге дейін де жанжал бейбіт жолмен шешілді. Бұл факт бойынша, екеуі де ешкімге шағым айтпайды және ешкімге сот ісін жүргізгісі келмейді. Жанжалға қатысушыларға қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама жасалды", - деп хабарлады ДП баспасөз қызметі.
Полиция аттракциондарға келушілер мен кассирлер арасында жалпы үш жанжалдың алдын алынғанын атап өтті. Өздерін нашар сезінген екі жүкті әйелге жедел жәрдем шақырылды. Сондай-ақ, осы саябақта полицейлер карантин кезеңінде қажетті қашықтықты сақтамағаны үшін әр түрлі тауарларды сатумен айналысқан бес жеке кәсіпкердің заң бұзғанын анықтады.
Айта кетейік, Қарағанды әкімінің екі орынбасары – Нұрлан Бикенов пен Халел Әкімжановқа, сондай-ақ мәдениет бөлімінің басшысы Баян Нұртаеваға сөгіс жарияланды.
Мәдина Әшірова бастаған саябақ басшылығы жұмыстан шығарылады.
Еске салайық, 1 маусымда Қарағандыда ата-аналар орталық саябақдағы тегін карусельдер үшін төбелес шығарған.