$ 494.87  520.65  4.91

«Қайрат» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Станислав Лунин қайтыс болды

Лунин кәсіби мансабын 2011 жылы бастап, «Восток», «Шахтер» және «Ертіс» командаларында ойнаған.

Жанкүйерлер Ислам Далаев ретінде білетін 29 жастағы алматылық «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Станислав Лунин қайтыс болды, деп жазады Хабар 24.

Бұл туралы «Қайрат» клубының Instagram-дағы ресми парақшасынан мәлім болды.

Лунин кәсіби мансабын 2011 жылы бастап, «Восток», «Шахтер» және «Ертіс» командаларында ойнаған. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен кездері болды. «Қайрат» сапында 2014-2018 жылдар аралығында ойнап, 91 ойын өткізіп, 3 гол соққан.

«Қайрат» футбол клубы Станиславтың отбасына, оның барлық туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қайғыларыңызға ортақпыз» - деп жазылған клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары