$ 494.87  520.65  4.91

Бескөл ауылы тұрғындарының ауызсудан уланғаны белгілі болды

Сырқаттарға энтеровирусты инфекция диагнозы қойылды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылының тұрғындары краннан аққан суды ішіп уланып жатыр. Санитарлық дәрігерлер алған су сынамасынан оның құртқа толы екені анықталды, деп жазады aikyn.kz. Мамандар Бескөл ауылының тұрғындары судан уланғанын айтты. Сырқаттарға энтеровирусты инфекция диагнозы қойылды.

Қызылжар ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жангелді Ибраев:

«Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет эпидемияға қарсы және алдын алу іс-шарасын жүргізіп жатыр. Ауырғандардың үйінен және Есіл өзені құятын көлден судың сынамасы алынып, санитария-химиялық, бактериологиялық және вирусологиялық көрсеткіштерге тексерілді. Нәтижесінде, үйлерден алынған 6 сынама бактериологиялық көрсеткіштер бойынша оң нәтиже көрсетті. Яғни, ауызсу ластанған. Қосымша сараптама тағайындалды», – дейді.

Бұған дейін Бескөл ауылында 100-ден астам тұрғын ауырып, ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары