5 маусымда Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысында найзағай, бұрқасын, шаңды дауыл, шығыстан 15-20 м / с, екпіні 23-28 м / с дейін жел күтіледі. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте түннің бірінші жартысында және күннің соңында найзағай ойнайды, дайыл соғады, күндіз шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түркістанда күндіз шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл сақталады, таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз 41 градус ыстық, өте жоғары өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұрқасын болып, бұршақ жауады деп болжануда. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді. Оралда түнде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с деңгейінде күтіледі.
Қостанай облысында солтүстік-шығыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.