Жаңалықтар 04.06.2021 сағат 22:14

«Екі әйел тірідей жанып кетті»: Алматы-Қорғас жолында көлік өртенді (ВИДЕО)

Жалынды өшіру мүмкін болмаған.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы-Қорғас жолында екі әйелдің көлікте тірідей өртеніп кеткені туралы оқиғаның видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көліктің жанған сәті көмек көрсету үшін тоқтаған машинаның видеотіркегішіне жазылған. Видеодан жол жиегінде тұрған автокөліктің алдымен түтіндеп, кейін қызыл жалынға оранғанын көруге болады. Сол сәтте ер адам көліктің алдыңғы есігін ашып шығады. Артқы есік ашылғанымен, басқа ешкім шығып үлгермейді, көлік өртке оранады.

Өзге көліктің жүргізушісі машинасын бірден тоқтатып, өрт сөндіретін құрылғысын ала жүгіреді. Алайда, жалынды өшіру мүмкін болмайды.

«Екі әйел адам тірідей жанып кетті. Мен көмектесуге барынша тырыстым. Бірақ өртті өшіру мүмкін болмады», - деп жазған видео авторы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар