05.06.2021, 20:39

Атырауда 23 жұмысшы уланып қалды

Фото: ашық дереккөзі
Жұмысшылар "Bazis Construction" ЖШС-ның асханасында тамақтанған. Алдын ала қойылған диагноз – тағамдық токсикоинфекция.

Атырау облысында 23 жұмысшы түскі астан уланып қалды, деп хабарлайды Paryz.kz, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 3 маусымда газ-химия кешенінің құрылысын жүргізіп жатқан «Bazis Construction» ЖШС 23 жұмысшысы асханада түскі астан уланған. Олар №2 облыстық инфекциялық ауруханасына жатқызылған.

"Инфекциялық ауруханаға 3 маусымда сағат 19:45-те 21 жұмысшы, 4 маусымда сағат 01:00-де тағы 2 адам түсті. Ауруханаға жатқан науқастардың бәрінде улану белгілері байқалды. Науқастар бас айналу, құсу, әлсіздік және диарея белгілеріне шағымданған» - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Жұмысшылар "Bazis Construction" ЖШС-ның асханасында тамақтанған. Алдын ала қойылған диагноз – тағамдық токсикоинфекция.

"Жұмысшыларға түскі аста манпар, бұршақ сорпасы, сиыр етінен дайындалған тағам, қайнатылған шұжық, пісірілген тауықтың төс еті, қайнатылған қарақұмық, макарон, қырыққабат салаты ұсынылған. Олар улануды түскі аспен байланыстырады", - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Тегтер: улану Атырау