05.06.2021, 21:47

Найзағай, дауыл, жел: 6 маусымға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөзі
Республиканың кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, солтүстік және шығыста тұман түседі.

Синоптиктер 6 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал, тек республиканың солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, дауыл, шаңды дауыл, солтүстік және шығыста тұман түседі», - делінген хабарламада.

Қызылорда облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде екпіні 25 м/с шаңды дауылмен, түнде және таңертең кей жерлерде найзағай ойнайды.

Түркістан облысының кей жерлерінде нйазағай, дауыл, шаңды дауыл, желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Жамбыл облысының күндіз кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерде жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысында найзағай күтіледі, жел найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Жамбыл, Түркістан облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында түнде 2 градус үсік жүреді.

«Қызылорда облысында, Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады», - делінген хабарламада.

Тегтер: ауа райы