06.06.2021, 02:46

Карантин: Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

Фото: ашық дереккөзі
Оның айтуынша, қаулыда екі блок пайда болды.

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин шектеу шараларын енгізу туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшин Facebook-парақшасында құжат 8 маусымда, яғни "сары" аймаққа кіргеннен кейін жеті күн өткен соң күшіне енетінін жазды. Оның айтуынша, қаулыда екі блок пайда болды: Ashyq жобасына қатыспайтын және Ashyq жобасына қатысатын нысандарға. Әлеуметтік-экономикалық нысандардың қызметін шектеу өлшемдерін мына сілтемеден қарай аласыздар.

Бұған дейін Қазақстанның Бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойған болатын.