$ 494.87  520.65  4.91

«Найзағай, жаңбыр, бұршақ»: 8 маусымға арналған ауа райы болжамы

Жаңбырмен бірге найзағай болады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте тұман болады
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер 8 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Республиканың басым бөлігінде оңтүстіктен келген циклонға байланысты атмосфералық фронтальдық бөліктердің әсерінен жаңбырмен бірге найзағай болады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте тұман болады», - делінген хабарламада.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеіп, бұршақ жаууы мүмкін, Батыс Қазақстан облысында дауыл, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл болып, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз Жамбыл облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28  м/с күшейеді.

Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарының кей  жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

«Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары