$ 498.34  519.72  4.85

Бірден он бала босанған әйел әлемдік рекорд орнатты

Табиғи жолмен жүкті болған әйел кесарь тілігі арқылы босанған.

Оңтүстік Африка Республикасында 37 жастағы Госиаме Тамара бірден жеті ұл мен үш қызды дүниеге әкеліп, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Stan.kz.


Әйел бірден 10 баланы дүниеге әкеліп, әлемдік рекорд орнатты. Алдыңғы рекордты бір уақытта тоғыз бала дүниеге әкелген Мали тұрғыны мамыр айында орнатқан еді.

Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясындағы Госиаме Тамара жүктіліктің сегізінші айында босанған. Дәрігерлер сегіз бала дүниеге келеді деп күткен.

Сонымен қатар, бастапқыда УДЗ алдымен тек 6 бала, одан кейін 8 баланы көрсеткен. Нәтижесінде 7 ұл және 3 қыз дүниеге келді.

"Мен бұған сенбедім. Өзімді Құдайдың қалаулы ұларының бірі ретінде сезіндім. Мен мұны ғажап деп бағалаймын. УДЗ-дан кейін өз зерттеуімді жүргізуге тура келді, шын мәнінде адамға сегіз бала бітуі мүмкін бе тексергім келді. Бұл мен үшін жаңа нәрсе болды. Мен егіздер, үшем, төрт бала туралы білетінмін, бірақ 7 ұл және 3 қыз бұйырды", - деді олардың әкесі Тебохо Цотеци.

Сондай-ақ, БАҚ-тың хабарлауынша, он баланың әкесі еш жерде жұмыс істемейді екен. 

Табиғи жолмен жүкті болған әйел кесарь тілігі арқылы босанған.

Жүктіліктің қиын жағдайына байланысты балалар келесі бірнеше айды инкубаторда өткізеді, деп хабарлады медициналық мекеме.

Айта кетейік, осыған дейінгі рекорд Мали тұрғынына тиесілі, ол мамыр айында 9 бала: бес қыз және төрт ұлды дүниеге әкелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары