Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысының басшысы Ерлан Бекмұрзаев әкімдіктің тікелей эфирінде өткен брифингте мәлімдеді деп жазды BAQ.KZ.
Нұр-Сұлтан бойынша Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесе қаланың 9 ірі сауда орталығында вакцинациялау пунктері ашылды. Олар барлық талапты сақтай отырып, санитарлық нормаларға сәйкес ашылған болатын, - деді ол.
Айтуынша, вакцинациялау пунктері Mega Silk Way, Keruen, Хан Шатыр, Сарыарқа, Абу Даби Плаза, Азия Парк, Еуразия, Әлем, Мечта сауда орталықтарында орналасқан.
Айта кетейік, сауда нысандарында вакцинациялау пунктері таңғы 10-нан кешкі 10-ға дейін жұмыс істейді.
Брифинг барысында Ерлан Бекмұрзаев азаматтарды вакцинациялауға арналған пунктерде Sputnik V, QazVac және Hayat Vac вакциналары бар екенін айтты. Вакцина алу үшін емханаға тіркелу, алдын ала жазылу, портал арқылы жазылу қажет етілмейтінін атап өтті.
Азаматтарды вакцина салдыруға ынталандыру үшін кей сауда орталығында жеңілдік бағдарламалары және кәсіпкерлерден сыйлықтар ойнатылады. Вакцинаны алған азаматтар сыйлыққа ие болу үшін онлайн ұтыс ойындарына қатыса алады. Бұл шаралар халықты ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін бағытталған, - деп түсіндірді басқарма басшысы брифингте.