Алматы автобусында қара нәсілді адамға тиіскен ер адамның видеосы Желі қолданушыларын ашуландырды. Полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиғаны автобус жолаушыларының бірі видеоға түсіріп алған. Хабарлама авторы бұл 8 маусымда таңертең болғанын айтты.
"Бүгін 118-автобуста бір жағымсыз көріністің куәсі болдым. Абай аялдамаларының бірінде шетелдік қара жігіт кіріп, менің артымнан бірнеше метр жерге отырды. Бірнеше аялдамадан кейін ол автобус жүргізушісіне барды. Оның артынан ауы ашық, көзі ашулы бір азиялық жігіт теңселіп бара жатты", - делінген Искандер Махияновтың Facebook-тегі жазбасында.
Оның айтуынша, жүргізушіден көмек ала аламаған шетелдік бос орынға отырады. Алайда жігіт оның соңынан еріп тиісе бастайды.
Жазбаға Алматы полиция департаменті жауап берді.
"Аталған дерек бойынша айыпталушылар анықталып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын тексеру іс-шаралары жүргізіледі. Полицияға арыз түскен жоқ", - деді Алматы Полиция департаменті басшысының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.