$ 494.87  520.65  4.91

Найзағай, дауыл, бұршақ: ауа райына байланысты ескерту жарияланды

10-12 маусымда кей жерлерде найзағай, дауыл, шаңды боран, бұршақ күтіледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Хабар 24. 
Жамбыл облысы 
Күндіз 10-11 маусымда Жамбыл облысында таулы және тау бөктерлі аудандарда қатты жаңбыр жаууы күтіледі. 10-12 маусымда кей жерлерде найзағай, дауыл, шаңды боран, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 


Тараз қ.: күндіз 10-12 маусымда найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 


Қарағанды облысы 
10-11 маусымда Қарағанды облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. 


Қарағанды қ.: күндіз 10 маусымда найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 
Жезқазған қ.: күндіз 10 маусымда найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 


Атырау облысы Күндіз 10 маусымда Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. 

Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан қ.: 10-11 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 
Батыс Қазақстан облысы 10 маусым Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. 

Орал қ.: 10 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі 

Ақтөбе облысы 
Түнде 10 маусымда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 
Алматы облысы 10 маусымда: Іле Алатауы, Жетісу Алатауы: жаңбыр жауады, кейде қатты болады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел, күн күркіреп, екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Шығыс Қазақстан облысы 
10 маусымда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с. Бесқарағай ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі. 

Ақмола облысы 10 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысы 
10 маусымда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Ақтау қ.: 10 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары