$ 498.51  522.84  4.81

Шымкентте тәуіпке қаралған 11 айлық сәби шетінеп кетті

Қайғылы оқиға 21 қыркүйек күні түнде Молдағұлова көшесінде орын алған деп жазады TVK. Куәгерлердің айтуынша, сәбиді атасы Жетісайдағы тәуіпке емдетіп алып келген екен. Жолда бүлдіршін қатты ауырып, есінен айрылып қалған.

Таксиден түскен кезде кішкентай қыздың денесі дірілдеп, сандырақтай бастапты. Жақын маңдағы дәріхана қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем станциясын шақырған. Алайда, дәрігерлер келемін дегенше сәби шетінеп кетіпті.

Тілшілер анықтағандай, көз жұмған қыз бала атасымен бірге Арыс қаласында тұрған. Оның ата-анасы ажырасқан екен.

Айта кетейік, кеше ғана Алматыда дәрігерлердің қателігінен алты жасар қыз қайтыс болған еді. Ауруханада оған қателесіп ангина диагнозын қойған. Кейін белгілі болғандай, кішкентай қыздың өкпесі қабынған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары