$ 494.87  520.65  4.91

Тағы төрт турист Түркістан облысының таулы аймағында жоғалып кетті

Қуанышқа орай, олар табылып, үйлеріне оралған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Түркістан облысының таулы аймағында тағы төрт турист жоғалып кетті. Қуанышқа орай, олар табылып, үйлеріне оралған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

9 маусымда полицияға Сайрам-Өгем шатқалында 4 адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары Шымкенттен бір отбасының Безымянный шыңына екі көлікпен барғанын анықтады. Жұбайлары мен қарт әжей және оның немерелерінің төменде қалғаны, ал 1981 және 1984 жылғы екі ер адамның 2005, 2008 жылы туған балаларымен жоғарыға қарай көтерілгені белгілі болды.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында жоғалған туристердің бірінің сөмкесі табылды

Олар сол күні қайтып келуі керек болатын, алайда туыстары күтпестен құқық қорғау органдарына жүгінген. Полиция, төтенше жағдайлар бөлімі және орман күзетшілерінен үш мобильді іздеу тобы ұйымдастырылған. 

Олар Сайрам-Өгем қорығының аумағын жаяу аралап көрді, шатқалдарды, массивтерді, жарларды, баурайлар мен жоталарды тексерді.

"Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 10 маусымға қараған түні мобильді топтардың бірі жоғалып кеткен туристерді аман- есен тапты. Олар туыстарына қайтарылды. Белгілі болғандай, ер адамдар екі таулы өзен арасында адасып, бағыттан жаңылысқан", - деді Түркістан облысының полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары