$ 494.87  520.65  4.91

Арматурамен ұрған: Түркістан облысында браконьерлер қорықшыларды соққыға жықты

Қорықшыларға алты адам жабылған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Түркістан облысында өз қызметін атқарып жүрген су қорықшылары күтпеген жерден соққының астында қалды, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ. 

Оқиға Шардара ауданында орын алған. Заңсыз балық аулаушылармен күрес кезінде браконьерлер үш қорықшыға тап берген. Аталған оқиға салдарынан қорықшының бірі бас жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Кейін белгілі болғандай, қорықшыларға алты адам жабылған. Арматурамен соққы берген заңсыз балық аулаушылар қашып құтылыпты.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша қазіргі таңда 380-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. 60 келіге жуық заңсыз балық аулап, қашып кеткендерді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Заңсыз балық аулаушылармен күресушілердің сөзінше, мұндай оқыс жағдайлар жиі болып тұрады. Алайда, браконьерлер жиі қашып құтылады екен. Өйткені қорықшылар қайығының күші көп жағдайда оларды қуып жете алмайды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары