$ 443.85  474.3  4.8

Ғарышқа ұшу билеті 28 млн долларға сатылды

Джефф Безос және оның ағасымен бірге ғарышқа кімнің баратыны әзірге белгісіз.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безоспен бірге ғарышқа ұшу билеті 28 миллион долларға сатылды.

Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды.

Бәссаудааға қатысуға 159 елден 7600-ге жуық адам тіркелген. «107 нөміріндегі адамға 28 миллион долларға сатылды», – деп мәлімдеді аукционды жүргізген Blue Origin компаниясы. Джефф Безос және оның ағасымен бірге ғарышқа кімнің баратыны әзірге белгісіз. Ал оның есімі бірнеше аптадан кейін айтылмақ. Blue Origin-ге сәйкес «төртінші және ақырғы» экипаж мүшелері де жақын арада белгілі болады.

Бұған дейін Blue Origin компаниясы 20 шілдеде ұшуы жоспарланған New Shepard суборбитальды кемесінің бортына бір жолаушыны тартуға арналған онлайн аукцион өткізгелі жатқаны жөнінде айтқан болатынбыз. Компанияның бұған дейін хабарлағанындай, жеңімпаз қатысушы Blue Origin иесі Джефф Безос пен оның ағасы Маркпен бірге ғарышқа аттанады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ғарыш #ұшу