13.06.2021, 23:46

Павлодар облысының Май ауданында маралдар пайда болды

Фото: ашық дереккөз
Сібір және дала еліктерінен басқа енді жайылмада маралдар да пайда болды.

Павлодар облысында сібір және дала еліктерінен басқа қызыл бұғының тағы бір түрі пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов айтты.

- Май ауданындағы алқапта орманшылар патрульдеу кезінде аналық марал мен төлін көрді, видеода тек төлі түсіп қалған, - деді Аждар Жүсіпов.

Сібір және дала еліктерінен басқа енді жайылмада маралдар да пайда болды.