Қазақстан бірінші лигасы аясында өткен матчта «Қайрат-Жастар» командасының қорғаушысы есінен танып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі prosports.kz-ге сілтеме жасап.
Кездесудің 20-минутында Лев Кургин алаң ортасында есінен танды. Дәрігерлер бірден алғашқы көмек көрсетіп, артынша футболшыны жедел жәрдеммен Алматы ауруханаларының біріне алып кетті.
Әзірге футболшының қазіргі жағдайы мен оның не себепті талғаны жайлы ақпарат жоқ.