$ 494.87  520.65  4.91

Ғалымдар ағзадағы алкоголь мөлшерін анықтайтын құлаққап ойлап тапты

Ағзадағы алкогольдің бары анықталған жағдайда спирттік ішімдіктің шоғырланғандығы туралы хабар беретін желілік индикатор жанады.
фото: baq.kz
фото: baq.kz

 Токио медициналық университетінің мамандары қандағы алкоголь деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін құлаққап ойлап тапты. Бұл туралы Scientific Reports журналында жарияланған деп жазды  BAQ.KZ.
Құрылғы құлақтың терісінен бөлінетін этанол буының деректерін жинауға қабілетті.

Сондай-ақ, құлақтың маңындағы газды жинайтын арнайы камера мен биохимиялық датчиктен тұрады. Ағзадағы алкогольдің бары анықталған жағдайда спирттік ішімдіктің шоғырланғандығы туралы хабар беретін желілік индикатор жанады.

Ғалымдардың айтуынша, ақпаратты жинаудың мұндай тәсілі адам жұтатын ауадағы алкоголь концентрациясын өлшеуден гөрі сенімдірек көрінеді. Құрылғыны басқа мақсатта да пайдалануға болады. Мысалы, ағзадағы түрлі ауруларды диагностикалау мен метаболизмді бағалау үшін тиімді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары