$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында оқушыны өзіне қол жұмсауға жеткізді деп айыпталған мектеп директоры жұмыстан қуылды

Ордабасы ауданы Көкарал ауылындағы орта мектептің 9–сыныбын бітірген Эльвира Мықтыбек   өз үйінде асылып қалған еді.

Түркістан облысында мемлекеттік емтиханнан соң өзіне қол салған жасөспірім оқыған мектептің директоры жұмыстан уақытша шеттетілді. Бұл ақпаратты ауданның бас ұстазы растады. 

Шұға Нұрабаева, Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы:   

Мектеп директоры Стаева Айсара Нұржігітқызын уақытша тексеру амалдары жүруіне байланысты, осы тексеру амалдарына кедергі жасамас үшін 14 күнге ұмыстан шеттеттік. Яғни, лауазымдық қызметінен шеттетілді. Егер де мектеп басшысы тікелей осыған кінәлі болатын болса, яғни, өзінің жазасын алуға мен құп қосыламын.    

Еске салайық, Ордабасы ауданы Көкарал ауылындағы орта мектептің 9–сыныбын бітірген Эльвира Мықтыбек   өз үйінде асылып қалған еді. Ол үздік аттестатқа үміткер болатын. Ата-анасы бұл қайғылы жағдайға   мектеп директорын кінәлайды. 

Сыныптастарының сөзіне сүйенген ата-ана мектеп басшысының сынақ үстінде қызына ауыр сөз айтып, көпшіліктің алдында тұқыртып, намысына тигені жасөспірімнің өз-өзіне қол салуына себеп болуы мүмкін дейді.  Осы жағдайдан соң арнайы топ тексеру жүргізген, бірақ   қорытынды әлі жарияланған жоқ.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары