$ 494.87  520.65  4.91

Елордадағы драма театр директоры 9 жылға сотталып кетті

Оларға театрды күрделі жөндеуге және қалпына келтіруге бөлінген қаржыны жымқырды деген айып тағылған.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты М.Горький атындағы орыс драма театрының басшыларына қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сот талқылауы аясында мердігер ұйымдар мен техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты да үкім шығарылды. 
Оларға театрды күрделі жөндеуге және қалпына келтіруге бөлінген қаржыны жымқырды деген айып тағылған. 
Театр директоры Қасеновке өзінің орынбасары Сәттібаевпен 4 эпизод бойынша алдын ала сөз байласу арқылы ақша жымқырды және жымқыруға оқталды деген айып тағылды.

Сондай-ақ сотталушылардың қатарында "АДС САПА" ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы Ербатыров, "СТ-Инженеринг" ЖШС директоры (қалпына келтіру бойынша техникалық қадағалау) Кенжетаев болды, бұл қылмысты "Ади-Жан" ЖШС директоры Дастанов пен "Астана-Көкше" ЖШС директоры Байсалбеков ұйымдастырған. 

"Сот Қасенов, Дастанов, Ербатыровтың театрды күрделі жөндеуге бөлінген 370,5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны жымқырғанын анықтады.

Сондай-ақ, Қасенов пен Байсалбеков жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бөлінген 32,5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны ұрлаған.

Мамандар мен сараптамалардың қорытындысы негізінде төлем жасалған актілердің жалған екені анықтады. Актілерге іс жүзінде орындалмаған жұмыстар мен қызметтер енгізілген", - делінген сот хабарламасында.  

Сот үкім шығарарда Саттыбаев, Дастанов, Байсалбеков және Кенжетаевтың балаларының барын ескерді. 

Әрбір сотталушының қылмысқа қатысу рөлі мен дәрежесін, келтірілген шығынның бір бөлігін (370,5 миллион теңгенің 9 миллионын) өтегенін ескере отырып, сот мынадай жаза кесті:

Е.Т. Қасеновті ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 24-бабы 3-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша 9 жыл бас бостандығынан айыру.
Д.Д. Дастанов, А.Б. Байсалбеков осы баптар бойынша 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Б.С. Ербатыров 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Е.А. Саттыбаевты ҚК-ның 371-бабы 2-бөлігі бойынша - 2 жыл бас бостандығын шектеу.
М.Ж. Кенжетаевты ҚК-нің 280-бабы 1-бөлігі бойынша, ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыру.
Е.Т. Касеновқа қосымша жаза - өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру, ал Е.А. Саттыбаевқа 3 жыл мерзім тағайындалды.
Сотталушылар мен азаматтық жауапкерлерден залал өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары