17.06.2021, 12:00

Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

Фото: ашық дереккөзі
Ер адам кейін өзін жарақаттаған.

Қайғылы оқиға 16 маусым күні сағат 19.00-де Баймағамбетов көшесінде болды. Облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бұл туралы жергілікті "Наша газета" басылымы жазды.

"Қайтыс болған әйелдің кім екені анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" 99-бабымен қарастырылған сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полициядағылар. Қылмыстың себебі тексеріліп жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам әйелге бірнеше рет пышақ сұғып алған, кейін өзін жарақаттаған. Сондай-ақ куәгерлер ер адамның қайтыс болған әйелдің бұрынғы күйеуі болғанын айтады.

"Полицияға оқиға туралы хабарлама сағат 18.51-де түсті, жедел жәрдем 18.53-те жетті. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер 1988 жылы туған әйелдің жерде жатқанын көрді. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

1984 жылы туған ер адам ішіне пышақ салған. Екінші бригаданың көмегімен ол ауруханаға жеткізілді.