$ 494.87  520.65  4.91

Солтүстік Қазақстанда жабайы үйректер құс тұмауынан қырылып жатыр

Саумалкөл ауылындағы көл жағасынан 100-ден астам үйректің өлексесі табылды.

Солтүстік Қазақстанда жабайы қанаттылар құс тұмауынан қырылып жатыр. Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылындағы көл жағасынан 102 үйрек пен 2 шағаланың өлексесі табылды. Алынған сараптама олардың құс тұмауынан өлгенін көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Облыстық вевтринария басқармасының мәліметінше, елдімекенде әзірге карантиндік шаралар енгізілмейді. Өйткені 104 бас көп емес. Қазір ауылдағы үй құстарына вакцина салынып жатыр. 

«Құстардың өлексесі маусымның 6-сы табылған. Сараптамалық материалдар алынды. 10-ы күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық референттік орталықтан сараптама нәтижесі келді. Саумалкөл көлінің маңындағы Саумалкөл және Краснагорка ауылдарында вакцинациялау жұмыстары жүріп жатыр. 5711 қанаттыға епке салынды. Жалпы бүгінгі күнге дейін 445,9 мың доза вакцина пайдаланылды. Өңірде мал-құстардың жұқпалы ауруларына байланысты жағдай тұрақты. Дер кезінде екпе салынып жатыр», - дейді облыстық Ветеринария басқармасының бас маманы Нариман  Тасболатов. 

Жыл соңына дейін 1,3 млн-ға жуық құсқа вакцина салу жоспарланған. Өткен жылы өңірде құс тұмауы жаппай таралған еді. Салдарынан 9 мыңға жуық қанатты қырылып қалған. Оның 800 мыңнан астамы құс фабрикаларына тиесілі болса, қалғаны тұрғындардың жеке шаруашылығында тіркелген. Иелеріне мемлекет есебінен берілген өтемақы мен өлекселерді жоюға кеткен сома 960 млн теңгеден асты. Инфекиця өршіп, бірнеше елдімекен карантинге жабылған болатын. Мамандар биыл өткен жылғы жағдайдың қайталанбайтынына сенімді. Себебі екпе алған құстардың ауруға шалдығуы өте сирек тіркеледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары