Маңғыстаулық егіз қыз Қызылорда облысында өткен таэквондо турнирінің финалында бір-бірімен жекпе-жекке шығуы керек болған. Бірақта олар күресуден бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Ая мен Сая Кенжеғали 24 келіге дейінгі салмақта бірінші орынға ие болды. Олар финалдық кездесуде күресуден бас тартып, жеңімпазды өз арасында анықтаған. Ол үшін қыздар ойын ойнаған. “Сулифа” ойнында Ая Кенжеғали жеңіске жеткен.
Таэквондодан 2010-2011, 2012-2013 жылдары туылған ұлдар мен қыздар арасындағы республикалық турнир Кеңес Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаевты еске алуға арналған. Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 800-ден астам спортшы қатысты.