$ 494.87  520.65  4.91

«Канеломен жұдырықтасудың қажеті жоқ»: Хабиб Нурмагомедов Геннадий Головкинге кеңес берді

Бүгін Алматыда Хабиб Нурмагомедовтің Eagle Fighting Champiomship промоушені EFC 37 турнирі басталды.
Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov
Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov

Жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы болған Хабиб Нурмагомедов Алматыдағы баспасөз жиыны кезінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин туралы пікірін айтып, Сауль Альвареспен үшінші рет шаршы алаңда кездеспеуге кеңес берді.

«Генамен таныспын. Бір мәрте кездестік. Әлемдік деңгейдегі боксшы, оның жекпе-жектерін бақылап жүремін. Енді бір жекпе-жек өткізіп, ақша жинап алу керек. Содан соң карьерасын аяқтауға болады. Бұл менің жеке кеңесім. Адамның жасы 35-тен асқан соң мұндай спортпен айналысудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бокс - аралас жекпе-жекке қарағанда жарақаты көп спорт. Иә, аралас жекпе-жекте буыннан көп жарақат аласың. Бірақ бокста басың сау болмайды. Мен оның орнында болғанда блогерлерді сабайтын ем. Қазір «Канело» секілді жалындап тұрған жастармен жұдырықтасудың қажеті жоқ», - деді Хабиб.

Айта кетейік, 18 маусымда «Алматы Арена» спорт кешенінде Хабиб Нурмагомедовтің Eagle Fighting Champiomship промоушені EFC 37 турнирін өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары