Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқавқа талап қойды. Ол Президентке жаңа Үкімет жасақтауды ұсынды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz.
"ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ, ХАЛЫҚ СЕНЕТІН ҮКІМЕТ ҚҰРЫҢЫЗ!
Ауыл шаруашылығына арналған аумағы өте үлкен ел Қазақстанда сәбіздің құны 735 теңгеге жетіп, 1,5 доллар құрап отыр. Бұл - мемлекеттік субсидиялар жылдар бойы құйылып жатқан саладағы жағдай. Жайылым жоқтығынан мал аштан өліп, көтерем болып, қоқыс, картон жеп жатыр! Мұның бәрі жылдар бойы мал баққан көне көшпенділер елінде орын алып отыр!
Бұл – соңғы жылдардағы экономикалық саясаттың қаншалықты сорақы екенінен шынайы да тура хабар беретін көрсеткіш. Бабаларымыздан мұра болып қалған, келешек ұрпаққа тиесілі ұлттық қорымыз сарқылуға жақын тұр. Өткен жылы сол жылы түскен қаражаттың 96 пайызы жұмсалып кетті.
Енді үкімет азық-түлік бағасын әкімшілік жолмен реттегісі келеді Онда мемлекеттік жоспар жүйесін енгізіп, экономиканы мемлекет меншігіне өткізіңіздер! Бұл – адамның күлкісін келтіретін: «пойыз, тоқта, бір-екі!» деген анекдот қой. Нарықтық экономикада бағаны – бұйрық, жарлықтармен емес, ұсынысты көбейту арқылы түсіретінін естімеп пе едіңіз?
Экономикамыздың бар саласын тұралатып, жоғарыда баяндалған күйсіз нәтижеге жеткізген кландар, олигархтық топтармен байланыс-шатысы жоқ адамдар Үкіметке кіруі тиіс екеніне бек сенемін.
Өз басым халық алдында жауапкершілік арқалап, елімізді экономикалық дағдарыстан шығаруға әзірмін!" - жеп жазды Мұхтар Тайжан.