Талғарда ер адамды жабылып ұрып, ұрлап кеткендер видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Instagram-дағы kris_p_talgar паблигінде жарияланған видеода бір топ адам тұрғынды ұрып-соққаны және көлік салонына салып әкеткені түсірілген.
Пылесос TEFAL TW 4886 EA www.mechta.kz Купить за 64 990 тнг. Скидка 14%! Тип пылесоса - сухая уборка, Емкость... Перейти Скрыть рекламу: Видео сипаттамасында соққыға жығылған ер адам ережесіз жекпе-жек шебері әрі бапкер Арман Әлімов екені жазылған.
"Туыстарының айтуынша, Пром-Комбинат ауданындағы "Виктория" минимаркеті алдында соққыға жығылған, кейін ес-түссіз күйде Кеңдала ауылындағы "канал" артына жеткізілген, мұнда тағы соққыға жығылған. Кейін Талғар аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған, туыстары қысым болмауы үшін оны Алматыдағы медициналық мекемеге жеткізген. Әлімов шабуылға себеп болмады деп есептейді", - делінген видео сипаттамасында.
Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері бұл оқиға 17 маусымда сағат шамамен 19.00-де болғанын хабарлады.
"Соққыға жығылған соң 37 жастағы азамат Талғар аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша Талғар АІІБ СДТБТ-де тіркелді. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар адамдарды ұстауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.