$ 494.87  520.65  4.91

4 айлық сәби бар: Алматы облысында көлік апатынан 7 адам көз жұмды

Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.

Алматы облысында көлік апатынан 7 адам мерт болды. Жантүршігерлік жағдай «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолында болған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 маусым күні сағат 18:45 шамасында «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 134-шақырымында жол көлік апаты болды. Байсейіт ауылының маңында «Toyota Rav-4» және «Audi C4» көліктері соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің де жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.

Тағы екі адам Шелек ауылындағы ауруханада көз жұмды. Қаза болғандар арасында 16, 13, 8 жастағы балалар мен 4 айлық сәби бар. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік апатына не себеп болғаны тергеу барысында анықталады», делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми берген хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты