$ 443.37  474.49  4.83

Қуат Хамитов украиналық қарсыласын бірінші раундта сұлатты (ВИДЕО)

Хамитов өз қарсыласын қылқындыру арқылы жеңген.

Атырауда Mergen Fighting Championship - MFC 1 турнирінің аясында қазақстандық спортшы Қуат "Найман" Хамитов украиналық қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қуат Хамитов украиналық Роман Головиновпен жекпе-жекке шықты. Жалпы олардың жұдырықтасуы үш раундқа созылады деп жоспарланыпты. Алайда Хамитов өз қарсыласын қылқындыру арқылы жеңген. 

Айта кетсек бұл "Найманның" MMA-дағы 21-ші жеңісі. Бұған қоса, ол жеті рет қарсыласынан жеңіліп, бір рет тең түскен. 

Енді ол Алматыда ресейлік Мариф Пираевпен жекпе-жекке түседі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары