$ 449.3  489.69  4.89

Қызылордада екі күннен бері іздестірілген қыз баланың мәйіті табылды

Жасөспірім қыз 18 маусымда сағат 12:30 шамасында белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қызылордада екі күннен бері хабарсыз кеткен жасөспірім қыз өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске салсақ, жасөспірім қыз 18 маусымда сағат 12:30 шамасында белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстарына қалалық полиция басқармасының 300-ге тарта қызметкері, төтенше жағдайлар департаменті мамандары, еріктілер тобы және жергілікті тұрғындар атсалысты.

«Бүгін, 20 маусымда жергілікті уақыт сағат 13:30 шамасында полиция қызметкерлері Тұңғыш президент паркінің жанындағы Шіркейлі каналының бойынан жасөспірім қыздың денесін тапты. Ол үйінен шамамен 2 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұған байланысты қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Аталған оқиға бойынша тергеу әрекеттері басталды. Тергеу әрекеті облыстық полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары