Жаңалықтар 21.06.2021 сағат 07:29

Жәнібек Әлімханұлының басты жекпе-жегін қай телеарна көрсетеді?

Жәнібек өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың қазан айында Лас-Вегаста өткізіп, аргентиналық Гонсало Корианы (16-4, 6КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Жәнібек Әлімханұлының басты жекпе-жегін қай телеарна көрсетеді?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бокс жанкүйерлері қазақстандық танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлының кәсіби рингтегі басты жекпе-жегін тікелей эфирден тамашалай алады. Бұл туралы Қазақстанның кәсіби бокс жаңалықтары Instagram парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Желідегі ақпаратқа қарағанда, 27 маусым, жексенбі күні қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5КО) өзінің карьерасындағы ең басты кездесуін АҚШ-та өткізеді. Лас-Вегаста (Невада штаты) Жәнібек WBА нұсқасы бойынша экс әлем чемпионы АҚШ өкілі Роб Брантпен (26-2, 18КО) кездеседі.

Кездесудің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:00-де басталады және «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі. Айта кетейік, Жәнібек өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың қазан айында Лас-Вегаста өткізіп, аргентиналық Гонсало Корианы (16-4, 6КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар