Белгілі павлодарлық құқық қорғаушы Елена Семенова Павлодар облысы полиция департаментінің полиция майоры қылмыстық іс бойынша күдікті 22 жастағы қызды зорлағанын мәлім етті.
Елена Семенова Павлодардың тергеу изоляторына барып, қызбен көріскен.
Бойжеткеннің айтуынша, оны «17 ақпанда сағат 16:00 шамасында ұстап, жеке тінту жүргізген, содан кейін Екібастұз полиция басқармасының ЖПБ бастығының көлігіне отырғызған».
Шамамен 18:00-де қызметкерлер қызды үйіне барып, тінту жүргізген, ал 20:00 шамасынды оны полиция бөлімшесіне әкеліп, түн ортасына дейін тергеген.
18 ақпанда түнгі сағат бірде оны полиция басқармасынан шығарып, 4 арнайы жасақ қызметкерімен бірге көлікке отырғызып, барлығы тергеу амалдарын жүргізуге кеткен. Негізінде, түн ортасында тергеу өткізуге тыйым салынады, өйткені күдіктілердің құқығын бұзады.
«Тергеу әрекеттері таңғы сағат 4-ке дейін созылған, бұл уақытта қыз көліктен шықпай отырған. Кейін оны полиция басқармасына қайта алып келген, жанында екі қызметкер болған”, – деп жазды Семенова.
Содан кейін қызды пәтерге алып кеткен. Полиция қызметкерлерінің бірі «шаршағандықтан осында түнеп, таңертең барлығы бірге полиция басқармасына баратынын” айтқан.
Қыздың сөзінше, пәтерде «Павлодар облысы полиция департаментінің полиция майоры” жартылай жалаңаш күйде жүрген.
Ол қыз қашып кетпеуі үшін күзету керек деген желеумен диванға қасына жатып алады. Ал сосын зорлайды.
Таңертең қызды тамақтандырып, полиция бөліміне алып келеді, содан кейін оны үйіне апарып тастайды. Бойжеткен келесі күні зорлау туралы арыз жазған, осыдан соң оны қайтадан тергеу изоляторына алып кетеді.
Аталмыш жағдайдан «Немолчи.kz» қорының жетекшісі Дина Тансари де хабардар болып шықты.
«Иә, оның анасы 13 мамырда “НеМолчи” қорына жүгінді. Нұрлан Мәсімов (Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы) істі жеке бақылауға алды. Бізге кінәлілер жазаланады деп уәде берді», – деп жазды Тансари.
Ол қыздың қайтадан тергеу изоляторына орналастырылғанын білмейтінін мәлімдеп, полиция департаментінің бастығына қайта хабарласуға уәде берді.
kznews