$ 449.3  489.69  4.89

«Ұрлағаныңды халыққа қайтар!»: Мамай «Байбекке - садақа!» акциясын ұйымдастыратынын мәлімдеді

"Енді Бауыржан «жомартсынып», бізден аламыз деген 876 мыңын балаларға қайырымдылыққа беремін депті. Байбек бұл жерде өтірік айтып отыр", - дейді ол.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Бауыржан Байбек өндірілген қаражатты аутизммен ауыратын балаларды қолдауға беретінін мәлімдеген болатын. Осыған орай қоғам белсендісі, тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамай арнайы акция жасайтынын мәлімдеді.

«Бауыржан Байбектің жемқорлығын толық әшкерелейтін 2 мың беттен тұратын дәлелімізді Әуезов аудандық соты қараған да жоқ. Биліктен түскен тапсырманы орындап, «Нұр Отан» төрағасы бірінші орынбасарының пайдасына заңсыз шешімді шығарды.

Сол шешімде Байбекке 876 мың теңге төлеу туралы талап бар. Байбектің «адалдығы» сондай, өзінің заңгеріне 500 мың теңге төлей алмайды екен. Одан бөлек, сотқа берген шығындарын да жаба алмай қалыпты. Әлеуметтік желіде бізді қаралауға жүздеген блогерді жалдап, оларға ақша төлеуге мүмкіндігі бар да, өзінің сот шығындарын жаба алмай қиналып жатыр екен.

Енді Бауыржан «жомартсынып», бізден аламыз деген 876 мыңын балаларға қайырымдылыққа беремін депті. Байбек бұл жерде өтірік айтып отыр. Ол 876 мыңды қайырымдылыққа бере алмайды. Себебі, бұл ақшаның есебі анық көрсетілген: 8752 теңге — мемлекеттік салық, 500 мың — заңгеріне, 300 мың — филологиялық сараптама жасауға. 67650 теңге — нотариус қызметіне. Оны қалай қайырымдылыққа жұмсайды? Қайда жіберілгені көрініп тұр ғой?

Сондықтан, «Байбекке — садақа!» акциясын міндетті түрде өткіземіз. Амандық болса, «Нұр Отанның» алдына барып, елден Бауыржанға садақа жинаймыз. Байбектің жемқорлығы туралы көшедегі халыққа айтамыз, түсіндіреміз. Қашан, қай жерде өтетінін қосымша хабарлаймыз.

Ал Бауыржанға айтарым: қайырымдылық жасаймын деп елді алдамай-ақ қой. Сен елдің аузындағы несібені тонап отырған нағыз ұрысың, жемқорсың. Оны біз толық дәлелдедік. Белгілі заңгер Базарбектің сұхбатын халық тыңдады. Бар былығың ашылды. Егер «қайырымды» боламын десең, бүкіл бизнес орталықтарыңды, кәсібіңді, ұрлағаныңды халыққа қайтар» деді Ж.Мамай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары