Жаңалықтар 21.06.2021 сағат 22:30

Су жағалауларын құтқарушы иттер күзететін болды

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша жақын арада иттерді үйрету және суда құтқару бойынша сертификат алу мүмкіндігі туралы мәселе қаралатын болады.
Су жағалауларын құтқарушы иттер күзететін болды
фото: baq.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Су жағалауларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызметке құтқарушылардан бөлек, арнайы үйретілген иттер де жұмылдырылады деп хабарлайды BAQ.KZ

Лабрадор тұқымды Алеся, Вильсон, Хит атты иттер түсуге қауіпті су жағалауларын күзетеді және зардап шеккендерді құтқару қызметін атқарады. Лабрадор тұқымы адамды жақсы көретіндігімен қоса, ақылдылығымен және батылдығымен ерекшеленеді. Құтқарушы иттерді үстіндегі жарқырайтын арнайы жейделер арқылы алыстан байқауға болады.      

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша жақын арада иттерді үйрету және суда құтқару бойынша сертификат алу мүмкіндігі туралы мәселе қаралатын болады.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіндегі кинолог мамандардың қызметтік иттерді дайындауда тәжірибесі мол. Біз республикада алғашқылардың бірі болып өзіміздің кинологиялық қызметімізді құрдық. Ал қазіргі уақытта құтқарушы иттер ҚР ТЖМ әрбір құтқару бөлімшесінде бар. Биыл біздің құтқарушы иттер төрт іздестіру-құтқару операциясына қатысты, - деді ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің басшысы Марат Әбілсейітов.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар