21.06.2021, 23:18

Бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

Фото: Sputnik.kz
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады.

Еліміздің тоғыз өңірінде ауа райының бұзулуына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

22 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай түсіп,  дауыл болады. Бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с болады.

22 маусымда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді. Кей аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент пен Түркістан қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының кей жерінде найзағай түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады.

22 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, кей жерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз 22 маусымда Ақтөбе облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

22 маусымда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +39 градус қатты ыстық болады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18 м/с болады. Күндіз кей жерлерде 42 градус ыстық болады.

Облыстың оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

22 маусымда Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан күші 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде өрт қаупінің төтенше деңгейі болуы мүмкін.

Алматы облысында таулы аудандарда қатты жанбыр жауады. Кей жерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с жылдамдыққа жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.