$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда «үнді» штаммы анықталды

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда «үнді» штаммы 54 пациенттен алынған сынамалардың 56%-ында расталғаны хабарланған еді.
Фото: ТАСС
Фото: ТАСС

Алматыда «үнділік» коронавирус штаммы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, коронавирустың "үнді" штаммының айналымы ықтималдығы анықталды. Қазір толық геномдық ретке келтіру үшін қосымша уақыт қажет», – деді Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда «үнді» штаммы 54 пациенттен алынған сынамалардың 56%-ында расталғаны хабарланды.

Осыған байланысты елордада қосымша карантиндік шектеулер қарастырылатыны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары