Алматыда «үнділік» коронавирус штаммы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, коронавирустың "үнді" штаммының айналымы ықтималдығы анықталды. Қазір толық геномдық ретке келтіру үшін қосымша уақыт қажет», – деді Сәдуақас Байғабылов.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда «үнді» штаммы 54 пациенттен алынған сынамалардың 56%-ында расталғаны хабарланды.
Осыған байланысты елордада қосымша карантиндік шектеулер қарастырылатыны белгілі болды.