Шу өзенінің жиегі талапқа сай қоршалмағандықтан, Қырғызстан 800 гектар жерінен айрылып қалды, деп мәлімдеді Қырғызстан төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев. Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.
– Қырғызстан мен Қазақстанның шекарасын анықтап тұрған Шу өзенінің жиегінде дамбалардың жоқтығынан, дарияның жағасын су шайып, оның арнасы жыл санап Қырғызстан аумағына кіріп барады. Қазір жұмыс белсенді жүріп жатыр. Президент Садыр Жапаровтың жеке бақылауында, – деді Ажикеев.
2020 жылы наурызда Кемин ауданында Чым-Коргон ауылының тұрғындары Шу өзені тасып, шекара сызығын шайғанын туралы айтқан. Бірақ Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі тексеріс жүргізіп, ақпаратты теріске шығарған.
Жалпы Шу өзенінің бойындағы қазақ-қырғыз шекарасы 1257 шақырым.