Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Қоғамымыз сіздерге жауапты міндет – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жүктеп отыр. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері әділ, ашық және адал болуы керек. Қиын да қатерлі қызметтеріңізге табыс тілеймін!», - деп жазды Президент.