$ 494.87  520.65  4.91

Эмомали Рахмон гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Тоқаевқа алғыс білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 19-20 мамырда Душанбеге жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды.   

«Екі елдің көшбасшылары өзара сауда-саттықты ұлғайту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және инфрақұрылым салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында үкіметтердің уақытылы әрі тиімді іс-қимылдарының маңызды екенін айтты», - делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында. 

Эмомали Рахмон Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.

Мемлекет басшылары Ауғанстандағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты форматта да, көпжақты құрылымдар аясында да, соның ішінде, әскери-саяси сипаттағы бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ алдағы кездесулер кестесі талқыланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары