Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегасқа ұшып барды, ол 26 маусымда бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантпен жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
«Біз Лас-Вегастамыз. Сенбіде Вегаста үлкен жаңалық болады, бұл туралы бүкіл әлем біледі. Вегаста болып жатқан нәрсе Вегаста қалмауы керек. Мен қазақ стилін көрсетемін», - деп жазды Әлімханұлы Twitter-де.
Жекпе-жек украиналық Василий Ломаченко мен жапониялық Масаеши Накатанидің андеркартында өтеді. Қазақстандық уақыт бойынша ол 27 маусымда таңертең болады. Трансляция сағат 08.00-де басталады.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет рингке қазанда шыққан болатын, ол кезде аргентиналық Гонсало Корияны екінші раундта нокаутқа түсірген. Ал Роб Брант соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың тамызында өткізіп, украиналық Виталий Копыленконы бесінші раундта жеңген.