Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балаларға коронавирусқа қарсы екпе салуға болатынын алғаш рет мойындады. ДДСҰ сайтында жаңа ұсынымдар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, балалар қауіп тобына кірмесе, вакцинация науқаны шұғыл түрде жүргізілуі керек. Егде жастағы және созылмалы аурулары бар адамдарға, денсаулық сақтау қызметкерлеріне басымдық берілуі керек.
Балалар мен жасөспірімдер ересектерге қарағанда COVID-19-ды жеңіл түрде қабылдайтыны жазылған.
Бұған дейін Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы балаларға Спутник V вакцинасын қолдануға рұқсат алу үшін құжаттар тапсырғаны белгілі болған, жақын арада шешім шығады.