$ 448.89  477.93  4.76

Сенатор Талғат Мұсабаев қызға шабуыл жасады деген айыптауға жауап берді

Менің тарапымнан ешқандай да заңға қайшы әрекет, дене жарақатын салу әрекеті болған жоқ, дейді ол.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

«24.06.2021 ж. кешкі уақытта Триатлон саябағында болған оқиғаға байланысты былай дегім келеді. Серігіммен кешегі серуен кезінде ит жетектеген қыз бізге қарсы жүгіретін жолақпен келе жатты. Оған итінің тұмылдырықсыз екенін айтып, ескерту жасадым, себебі мұны басқа адамдарға қауіпті деп санадым. Бірақ бізге жағымсыз әрі дөрекі жауап айтылды, әлеуметтік желідегі парақшасында ол өзі де жазды», - деді Мұсабаев.

Оның айтуынша, қыз полиция шақыртқаннан кейін полицейлер келуін күтіп, куәлік беруге, өз құқығын заң бойынша қорғауға дайын екенін жеткізген.

«Полиция - ІІМ-нің екі қызметкері келген соң түсінік берілді, арызданушы да түсінік берді. Менің тарапымнан ешқандай да заңға қайшы әрекет, дене жарақатын салу әрекеті болған жоқ. Оның үстіне, қыз бізге қол созып, кешірім сұрады. «Ұрып-соғу» туралы айыптау негізсіз деп есептеймін», - деді ол.

Айта кетейік, 24 маусым күні сағат 17:22-де «102» арнасына Момышұлы көшесі бойында Триатлон паркінде ер адамның қызды сөзбен қорлағаны және ұрғаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына полиция автопатруль жіберілді. Бүгінде полиция Талғат Мұсабаевтың саябақтағы қызды ұрып-соғуға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

«Ер адам мен иттің иесі арасындағы жанжал иттің тұмылдырығы болмағандығына байланысты болғандығы анықталды»,-деп атап өтті елордалық Полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары